Колледж бен жұмыс берушілердің тиімді өзара іс — қимылы өзекті мәселелердің бірі болып табылады, өйткені арнаулы орта білім беру мен еңбек қатынастарының толыққанды дамуы мен жүйесі оны шешуге тікелей байланысты. Бұл, ең алдымен, барлық мүдделі тараптардың іс-әрекеттерінің дәйектілігін, олардың бір-бірінің ұстанымдарын түсінуін және жағдайдың жалпы көзқарасын дамытуға ұмтылуын білдіреді. Бұл кездесу кәсіптік және техникалық білім беру бағдарламаларының тәжірибелі бағытын арттыру, колледж түлектерінің бәсекелік қабілетін арттыру, мақсатты кәсіби дайындығын, қайта даярлау мен біліктілік арттыруды дамытуды мақсат тұтады. 2024 жылдың 22 сәуірінде ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы Е.К. Мадьяровтың «Ветеринария» мамандығының түлектерімен кезекті кездесуі өтті. Осы кездесу барысында Ербатыр Қайыргелдіұлы ветеринариялық зертхана қызметінің негізгі түрі, материалдық-техникалық жарақтандыру, облыстық филиалдың құрылымдық бөлімшесі туралы айтып берді. Ветеринариялық зертхананың негізгі мақсаты: мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық жағынан қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың денсаулығын адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан сақтау болып табылады. Сұхбаттасу барысында Ербатыр Қайыргелдіұлы барлық аудандық филиалдардағы бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып, түлектерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, жұмыс берушілермен оқу орны тығыз байланыс орната отырып, жұмыс берішулер дайындауға атсалысқан негізгі оқу бағдарламаларының үлесі әлеуметтік серіктестік механизімін жетілдіруге ғана емес, анағұрлым ашық, ортаға айнала алатындығын көрсетті.


